Любимые цитаты
Соқырға бал ұсынсаң
итереді,
Дәмін татып көрген жоқ,
қайтер енді.
Бір қасық келген балдан жеген болса,
Жер сипалап өзіақ іздеп
кетер еді..
Жалынына шырпының
шыдамаған,
Тозақ жайын шын
барлап ұға ма адам?
Көр соқыр боп өтеді екен бұл өмірден,
Көзге жас ап, Құдай деп
жыламаған..
Жүрген соң бұл өмірдің
базарында,
Кей кезде тозып, кейде
озарың бар.
Күнәдан ақыретте Отпен
емес,
Тәубемен осы өмірде
тазарыңдар.
Мәз болмағын атаң
маймыл дегенге,
Жолығасың Құдайыңа
өлгенде.
Талай ғасыр өтіп жатыр,
айтшы өзің,
Бір маймылдан адам
шығып көрген бе?
Отыз алты градустан, көтерілсе қызуың,
Шығасың лезде дәрі ұстап, бет әлпетің бұзылып.
Сүйте тұрып бірақта, қызуы тасты еріткен,
Қорықпайсың тозақтан, ей бауырым неліктен?